Керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз! ALSI министр Бағдат Мусиннің қолымен ҚР ЦДИАӨМ-тен (Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) алғыс хат алды.
Бұл хат ALSI және ALSI СЕРВИС командасына 28-29 қыркүйекте Digital Bridge 2022 цифрлық технологиялар және бизнес туралы халықаралық форумға белсенді қатысқаны үшін табысталды.
"АЛСИ" ГК іс-шара шеңберінде бос орындар жәрмеңкесінің 20 ірі қатысушысына саланың басқа халықаралық және Қазақстандық IT-ойыншыларымен қатар кірді.
*Digital Bridge - Мемлекет басшысының және халықаралық IT-қоғамдастық көшбасшыларының, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, цифрлық әзірлемелер саласындағы мамандардың қатысуымен жыл сайын өткізілетін Қазақстандағы ауқымды IT-іс-шара. Сондай-ақ, форумға IT-компаниялар, венчурлік инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.