Сапа менеджменті жүйесі

Компанияда бизнес-үрдістердің нәтижелігін және тиімділігін арттыру, тұрақты жақсарту үшін ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және қолдау көрсетіледі. 2015 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғаудағы өз жауапкершілігін сезінуді арттыру үшін ИСО 14001 стандартының талаптарына сәйкес экологиялық менеджемент жүйесі енгізілді. Компанияның ИСО стандарттарына сәйкестігі «Казэкспоаудит» ЖШС берген сертификаттармен расталған.

ИСО 9001 САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ СЕРТИФИКАТЫ (СМЖ) АЛСИ КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

АЛСИ компаниясының сапа және экология саласындағы саясаты

АЛСИ компаниясы, әлемдік өндірушілердің алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық жабдықтарын жеткізе отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға ұмтылады, экология саласындағы өз жауапкершілігін сезінеді. Бұл үшін Компанияның Жоғары басшылығы өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

  • ҚР СТ ИСО 9001 және ҚР СТ ИСО 14001 стандарттарының талаптарын орындай отырып, Ықпалдасқан менеджемент жүйесін дамыту және жұмыс істеуін жақсарту;
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа құзіреттіліктерді алу үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • ірі өндірушілермен табысты ынтымақтасу және жеткізушілермен өзара тиімді және жауапты қарым-қатынастарды дамыту;
  • бірегей шешімдерді ұсыну және тапсырыс берушілердің талаптарын және ниеттерін толық қанағаттандыратын компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарды икемдеу және орнату жөніндегі қызметтерді ұсыну;
  • нарықты сапалы алдыңғы қатарлы тауарлармен қамтамасыз ету;
  • өзінің экологиялық қызметінің нәтижелерін үнемі жақсарту және қоршаған ортаның ластануын болдырмау;
  • ҚР СТ ИСО 14001 стандартының талаптарын, қолданылатын заңнамалық, нормативтік-құқықтық және экологиялық аспекттерге қатысты басқа да талаптарды орындау.
Компанияның Жоғары басшылығы:
  • — Сапа жүйесі және Қоршаған ортаны қорғау жүйесі ұстанымдарын ұстанады;
  • — ұжымда Компания қызметкерлерін сапаны басқару үрдісіне саналы еліктіруге ықпал ететін оңтайлы климатты жасайды.
АЛСИ компаниясының басшылығы өз қызметін келесілер арқылы жетілдіреді:
  • тұтнушылық нарықты үнемі қадағалау;
  • қызметкерлердің жауапкершілігін және өкілеттіктерін айқын үлестіру;
  • өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін іс-шараларды енгізу;
  • экологиялық қауіптер мен аспекттерді бағалау;
  • ресурстарды ұтымды пайдалану;
  • қоршаған ортаның ластануын және отынды, энергияны, суды тұтынуды мүмкіндігінше азайту;
  • қалдықтардың мөлшерін азайту және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтып қалдықтардан құтылу
  • барлық деңгейдегі қызметкерлерді экологиялық сананы арттыру жөніндегі қызметтерге тарту.

ҚР СТ ИСО 27001:2008 Ақпараттық қауіпсіздік Сертификаты

АЛСИ компаниясы менеджменттің жалпы жүйесіне ҚР СТ ИСО 27001:2008 ақпараттық қауіпсіздік стандартын енгізу туралы хабарлауға қуанышты.

Компания алған Сертификат ақпараттық қауіпсіздікті басқару саласындағы ИСО 27001 стандартының қатаң талаптарына толық сәйкестіктікті растайды.

Сертификат АЛСИ компаниясының ақпаратты қорғау деңгейіне қойылатын ең жоғары талаптарға ие болатын қызметтерді көрсетуге және жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін куәландырады.

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК СЕРТИФИКАТЫ