04.02.2021

DELL Technologies ұсынған Excellence in Client Solutions марапаты

ALSI DELL Technologies-тен Excellence in Client Solutions марапатына ие болды.

Компания 2020 жылдың қорытындысы бойынша аталған номинацияда үздік деп танылды.

Dell Technologies компаниясының аймақтық сату менеджері Моника Верес атап өткендей, ALSI компанияның METAL TITANIUM мәртебесі бар серіктесі болып табылады, бұл біліктілікті және көптеген жылдар бойы Dell Technologies-тің шешімдеріне адалдықты растайды. "Сонымен қатар, компания осы қиын-қыстау кезеңдерде де тұрақты өсуді қамтамасыз ете алды: ALSI керемет нәтижелер көрсетті және Excellence in Client Solutions марапатына ие болды", - деп қосты ол.

Марапаттау 2021 жылдың 10 маусымында онлайн режимде өтті.

ALSI METAL TITANIUM мәртебесіне ие, бұл компания мамандарының АТ-инфрақұрылымын құру бойынша кешенді жобаларды әзірлеу мен іске асыруда жоғары біліктілігі мен мол тәжірибесі бар екенін растайды.

Dell Technologies әлемдегі жетекші ДК, жұмыс станцияларын өндірушілердің бірі болып табылады (2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша нарық үлесі 15,4% – IDC). Сонымен қатар, компания ұйымдарға саланың жетекші конвергентті инфрақұрылымдық шешімдерін, серверлерін, сақтау жүйелерін және деректерді қорғау технологияларын жеткізу арқылы деректерді өңдеу орталықтарын жаңартуға, автоматтандыруға және қайта құруға көмектеседі. Бұл әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін АT-түрлендіру үшін сенімді іргетас қалайды.

Жаңалықтарға оралу