11.07.2025

ALSI Integration Skyhigh Security компаниясының ресми серіктесі атанды

Біз ALSI Integration серіктестік портфолиосын кеңейтіп, бұлттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылардың бірі – Skyhigh Security компаниясымен ресми серіктестік орнатқанымызды қуанышпен хабарлаймыз.

skyhigh-alsi.png

Skyhigh Security SSE (Security Service Edge) шешімдеріне маманданған – бұл ұйымдарға веб-қосымшаларды, бұлттық қызметтерді және интернетті деректердің ағып кетуі мен түрлі қауіп-қатерлерсіз қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін бұлттық деректерді қорғау технологиялары.

Серіктестік ALSI Integration компаниясына және біздің тұтынушыларымызға келесі озық технологияларға қол жеткізуге жол ашады:

  • CASB (Cloud Access Security Broker) – бұлттық қызметтерге қол жеткізуді бақылап, рұқсатсыз пайдалануға жол бермейді;

  • SWG (Secure Web Gateway) – интернет-трафикті сүзуге және қауіптерден қорғауға арналған қауіпсіз веб-шлюз;

  • DLP (Data Loss Prevention) – құпия деректердің сыртқа шығуын болдырмайды;

  • ZTNA (Zero Trust Network Access) – пайдаланушы мен құрылғыны тексере отырып, «нөлдік сенім» қағидасы негізінде корпоративтік ресурстарға қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Skyhigh Security компаниясымен әріптестік гибридті және бұлтты инфрақұрылымдарды қорғау жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай бұлттық ортада клиенттердің бизнес-процестерінің қауіпсіздігін жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ALSI Integration – деректерді қорғап, компаниялардың цифрлық трансформациясын қолдай отырып, бизнес үшін сенімді интегратор болып қала береді.

Жаңалықтарға оралу