10.10.2022

ALSI компаниясы Қазақстандағы "The Best Partner of the Year 2022" номинациясы бойынша Jabra сыйлығын алды

ALSI 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы Jabra жылдың ең үздік серіктесі атанды. Бұл 5 қазанда компанияның негізгі вендорларының бірі – Jabra іс-шарасында белгілі болды. ALSI ҚР аумағында 30 жылдан астам тәжірибесі бар ірі IT-интеграторы болып табылады.

Әлемдік ауқымдағы жетекші IT-өндірушілермен табысты ынтымақтастық тәжірибесін жалғастыра отырып, ALSI 2019 жылы пайдаланушылардың кең ауқымы үшін зияткерлік бейне-аудио шешімдерін жасауда жетекші орын алатын Jabra компаниясымен серіктестік келісім жасады. Осындай қысқа мерзім ішінде ALSI өзін қазақстандық тапсырыс берушілерде Jabra-ның жоғары өнімді және заманауи бейне-аудио шешімдерін іске асыру үшін қажетті құзыреттерге ие сенімді, кәсіби серіктес ретінде көрсетті.

ALSI коммерциялық директоры Александр Колубанов жаңалыққа түсініктеме берді:

"Jabra шешімдері бейне және дауыстық байланыстың инновациялық технологиялары негізінде жасалған, бұл шешімдер пайдаланушыларға күнделікті бизнес тапсырмаларын орындау кезінде өнімді және тиімді жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Біздің тұтынушылар өнімнің сапасын бірнеше рет жоғары бағалады және біз Jabra өнімдеріне деген қызығушылық тек ұлғаятынына сенімдіміз. ALSI жетекші жүйелік интеграторлар мен IT-жеткізушілердің бірі ретінде ең жақсы байланыс шешімдерін қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларға ұсынылатын өнімді үздіксіз кеңейту шеңберінде Jabra-мен табысты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады".

Ресей, Украина, ТМД және Грузиядағы Jabra аймақтық директоры Галина Карлсон ALSI номинациясын ынтымақтастықтың перспективалары мен артықшылықтары тұрғысынан атап өтті, сондай-ақ бірлескен жобаларды әзірлеуге қатысты Jabra-ның алдағы жоспарларымен бөлісті:

"ALSI және Jabra көптеген жылдар бойы ынтымақтасып келеді. Біз Jabra аудио шешімдерін жарнамалауда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, қазір біз Jabra смарт бейнекамераларын ілгерілетуіміз керек, сонымен қатар аудио-бейне шешімдерін енгізуіміз керек. Бізде ҚР-да ALSI - мен бірқатар қызықты жобалар бар және біз бірге әлемді жақсы етіп көрсетуге ниеттіміз!»

***

Jabra туралы

GN Group тобына кіретін Jabra компаниясы зияткерлік бейне-аудио шешімдер өндірісінде жетекші орын алады. Компанияның дыбысты зерттеу саласындағы 150 жылдан астам бірегей сараптамасы Jabra-ның барлық әзірлемелеріне негіз болды, сондықтан шешімдер ең жақсы технологияларға негізделген. Jabra қоғамындағы рөлі: инновацияларды енгізу және өзгерістерге бейімделу; біздің этикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерімізді жою; клиенттер мен мүдделі тараптар сене алатын сенімді және жауапты компания болу үшін үздіксіз жұмыс. Сондай-ақ, Jabra климаттың өзгеруі бойынша белсенді шаралар қабылдайды, экологиялық таза материалдар мен қаптамаларды жасайды және жеткізілім мен логистикаға жауапкершілікпен қарайды. 2025 жылға қарай Jabra компания қызметінде климаттық бейтарап болуды және 2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға жетуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтарға оралу