01.10.2022

ALSI компаниясы "Касперский зертханасының" Gold Partner мәртебесін растады

ALSI "Касперский зертханасының" – Gold Partner 2022 жоғары серіктестік мәртебесінің сәтті расталғанын хабарлауға қуанышты.

ALSI 2000-шы жылдардың басынан бастап Қазақстандағы "Касперский зертханасы" компаниясымен әріптестік келісім жасасты және ынтымақтастықтың осындай әсерлі мерзімі ішінде қазақстандық тапсырыс берушілерді лицензиялау және ақпараттық қауіпсіздіктің жетекші шешімдерімен қамтамасыз ету саласында берік және мінсіз тәжірибе жинақтады.

"Касперский зертханасының" Gold Partner серіктестік мәртебесі ALSI-де вендордың бизнес-өнімдерінің соңғы озық нұсқалары бойынша сертификатталған техникалық мамандардың бар екендігін куәландырады, сондай-ақ қазақстандық тапсырыс берушілерде ең кең бейіндегі АҚ-жобаларды орындау кезінде ALSI сараптамасы мен ауқымды мүмкіндіктерін мойындау болып табылады.

***

1997 жылы құрылған "Касперский зертханасы" бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам пайдаланушылар мен 240 мың компанияларды қорғайды. "Касперский зертханасы" клиенттерге озық аналитикалық деректер негізінде сенімді ақпараттық қорғауды қамтамасыз етеді, оларға технологияларды өмірде және бизнесте қауіпсіз және сенімді пайдалануға мүмкіндік береді.
ЛК статус.jpg


Жаңалықтарға оралу