13.09.2022

Оқуға немесе жұмыс істеуге арналған ең жақсы 3 ноутбук

2022-да оқу және жұмыс үшін қандай ноутбук сатып алу керек?"- студенттер де, кеңсе қызметкерлері де осындай сұрақ қояды, өйткені қойылған міндеттердің тиімділігі компьютерлік техникаға байланысты. Жоғары технологиялық құрылғыны іздеу ыңғайлы болу үшін "ALSI Сервис" инженерлері сізге клиенттерге қызмет көрсету тәжірибесі мен олардың пікірлеріне сүйене отырып, әлемдік өндірушілердің, АТ саласының көшбасшыларының үздік 3 үлгісін ұсынады. Бұл ноутбуктер танымал, өйткені олар өнімділігімен, шағын болуымен және қол жетімділігімен ерекшеленеді.

Acer Aspire 3 A315-34 (NX.HE3ER.00U) ноутбугы

асер.jpg

Бұл ноутбук мәтіндер мен кестелермен жұмыс істеу үшін де, интернет-серфинг үшін де өте қолайлы. Full HD дисплейімен сізге керемет фото/бейне сапасы беріледі, ал тар жақтау экранда көбірек орын береді.

Үлгі өзін графикада жоғары өнімділікті қажет ететін барлық дерлік пайдаланушылар үшін (инженерлік және дизайнерлік мамандықтарды қоспағанда) тамаша оқу, көп функциялы ноутбук ретінде көрсетті.

Aspire 3 A315-34 жақсы дизайнда жасалған, өте портативті және бүкіл оқу күніне "шыдай" алады. Ал құрылғының бағасы төмен, орташа деңгейге жатады және қалтаға "ұрмайды".

  • Процессор: Intel Celeron

  • Процессор үлгісі: N4000

  • Процессор жиілігі, ГГц: 1.1

  • Оперативтік жадының көлемі, ГБ: 4

  • Қатты диск: HDD жоқ

  • Қатты денелі жинақтауыш: 256 ГБ SSD

  • Процессорға біріктірілген графика: Intel UHD Graphics 600

  • Экран диагоналі, дюйм: 15.6

  • Экран ажыратымдылығы: 1920 X 1080 Full HD

Lenovo IdeaPad 3 15IGL05 (81WQ00EMRK) ноутбугы

леново.png

10-шы буын Intel процессорлары бар тегіс және заманауи IdeaPad 3 жедел жады мен тиімді дискілердің ұлғаюымен жасалған. Электрондық кестелермен жұмыс істеу және қарапайым тапсырмаларды орындау үшін өте қолайлы.

Dolby Audio динамиктері жұмыста немесе оқуда маңызды сипаттама болып табылатын тамаша сапалы дыбыс береді.

Егер сіз бейне қоңыраулар арқылы жиі сөйлесуді немесе онлайн жиналыстарға қатысуды жоспарласаңыз, ноутбукта қосымша қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз ететін веб-камераның қорғаныш пердесі бар.

Үлгі ыңғайлы, өйткені сіз белгілі бір қуат пен шу режимін оңай орната аласыз.

  • Процессор: Intel Celeron

  • Процессор үлгісі: N4020

  • Процессор жиілігі, ГГц: 1.1

  • Оперативтік жадының көлемі, ГБ: 4

  • Қатты диск: SSD

  • Қатты денелі жинақтауыш: 256 ГБ

  • Процессорға біріктірілген графика: Intel UHD Graphics 600

  • Экран диагоналі, дюйм: 15.6

  • Экран ажыратымдылығы: 1366 x 768

HP 240 G8 ноутбугы

хп.jpg

Жақсы жұмыс істейтін немесе оқитын тұлғаларға HP ноутбугы ұнайтын болады: ол жұқа дизайнда жасалған ,ықшам, бұл оны қиындықсыз алып жүруге мүмкіндік береді.

Күңгірт қабат оны тайғақ емес және стильді етеді.

Жылдамдық, жетілдірілген стерео динамиктер және басқа мүмкіндіктер жұмыс пен шығармашылық процеске қажетті өнімділікті, сондай-ақ кез келген жерде ыңғайлы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

  • Процессор: Intel Core i5

  • Процессор үлгісі: 1035G1

  • Процессор жиілігі, ГГц: 1.0

  • Оперативтік жадының көлемі, ГБ: 8

  • Қатты диск: HDD жоқ

  • Қатты денелі жинақтауыш: 256 ГБ SSD

  • Процессорға біріктірілген графика: Intel UHD Graphics

  • Экран диагоналі, дюйм: 14

  • Экран ажыратымдылығы: 1920 X 1080 Full HD

Осы және басқа ноутбуктерді сатып алу үшін біздің ALSI интернет-дүкеніне хабарласыңыз: 8 8000 800 200, +7 (727) 221 10 02, [email protected].

Жаңалықтарға оралу